ШҚО-да жанармай құю бекеті жарылды

Оқиға 22 маусымда Шемонаиха қаласы Украинская көшесінде болған. Газ баллондарына жанармай құю станциясында болған жарылыс салдарынан өрт шыққан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Өрттен 5 бірлік техника жойылды. Сағат 14:44-те өрт оқшауланды.


Термиялық күйік алған 2 адам ауруханаға жеткізілді. Тұрғын үйлер мен орманға қауіп жоқ.

Өртті сөндіруге 5 өрт сөндіру автокөлігі мен 12 адам жұмылдырылды.