ШҚО-да жүк пойызының үш бірдей вагоны рельстен шығып кетті

      Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, вагондардың біріне кірпіш тиелген, қалған екеуі бос вагондар.

Қазір апат себептері анықталып жатыр. Апат жолаушылар пойыздарының қозғалысына кедергі келтірген жоқ.