Осы кезде әйел ер адамға пышақ ұрған, - деп хабарлайды YK-news.kz ШҚО қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Портал мәліметінше, ер адам жиі ішімдік ішіп, әйелді ұрып соғатын болған. Жұптың екі баласы болған, әйел үшіншісінен құтылуды көздеген. Желтоқсанда жүкті екенін білген әйел азаматтық некедегі ері ашуға булыққан. Ол мас күйде болып, әйелді ұрып-соғып, балаға өзінің еш қатысы жоғын айтқан. Жәбір көрген әйел асханадан пышақ алып, ер адамның кеуде тұсына пышақ ұрған. Оның дем алмай отырғанын көрген әйел ер адамның әпкесіне хабарласып, болған жағдайды айтып берген. Портал мәліметінше, әйелге кісі өлтіру айыбы бойынша кінәлі деп тауып, жағдайды ескере отырып, ең жеңіл жаза берген. Ол бес жыл жалпыға бірдей колонияда жазасын өтейтін болады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ
Оқи отырыңыз: