ШҚО-да жыл басынан бері 1800-ге жуық өрт оқиғасы тіркелген


Бұл туралы 24.кз хабарлады. 

Бұл өткен жылмен салыстырғанда, үш есе көп. 54 адам тілсіз жаудың құрбаны болған. Оған электр жабдықтары мен пешті дұрыс пайдаланбау және газды қолдану ережелеріне немқұрайлы қарау себеп болған. Сондықтан мамандар мереке қарсаңында тұрғындармен кездесіп, өрт қауіпсіздігі ережелерін егжей-тегжейлі түсіндіріп жатыр. Әсіресе, заңсыз отшашу саудасымен күрес қыза түскен. Бүгінде рұқсат етілмеген өнімді сатқан 16 азаматқа әкімшілік жаза тағайындалды. Ринат Қондыбаев, ШҚО ТЖД өрт қауіпсіздігі саласындағы профилактикалық қызмет басқармасы басшысының М.А.: - Жаңа жыл қарсаңында жүргізген 19 рейд барысында жарылғыш заттардың сақталу жайын, сатылу орындарын бақыладық. Талаптарды бұзған 16 адамға 25 АЕК, яғни 800 мың теңге айыппұл тағайындалды. Тұрғындарға рұқсат етілген пиротехникалық өнімдерді қайдан және қалай алуға болатынын, сенімді фирманың өнімдерін қалай ажыратуға болатынын да түсіндірдік.