ШҚО-да жыраға түсіп кеткен автобустан 43 жолаушы құтқарылды

Тәжікстан мен Өзбекстан азаматтары Алматыға бет алған болатын.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жолаушыларға Аягөз қаласына жақын жердегі стансаға жетулеріне жәрдемдесті. Медициналық көмек ешкімге қажет болмады.
Шығыс өңірлік аэормобильдік жедел құтқару жасағының құтқарушылары бірінші рейспен адамдарды тасыса, ал жергілікті ТЖ бөлімінің мамандары жергілікті әкімдікпен бірге заттар мен сөмкелерді тасыды.
Осы операциядан кейін құтқарушылар  жоғалған екі балықшыны іздеу үшін Алакөлге шықты.


Жасақтың басқа тобы Глубоковское ауданында жүрек ұстамасы ұстаған 60 жастағы ер адамды көлікке мінгізіп жіберді. Жедел жәрдем жолды қалың қар басу салдарынан келе алмады. Ер адам Өскемендегі 1-ші қалалық ауруханаға жеткізілді.