Еңбек ардагері 17 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында болған қатты дауыл кезінде жарақат алған. Желден бес адам зардап шеккені хабарланған. Дауылдың салдарынан ғимараттар мен автокөліктерге зақым келген. Өскеменде жарнамалық билбордтар, автобус аялдамалары қираған. Желдің жылдамдығы секундына 35 метрге дейін жетті.