ШҚО-дан Сенат депутаттығына 4 үміткер ұсынылды

«Орталық сайлау комиссиясының күнтізбелік жоспарына сәйкес ҚР Парламенті Сенатына депутаттарды сайлау үшін жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда кандидаттарды ұсыну жұмыстары аяқталды. Барлығы 4 үміткер болды, олардың 3-уі өзін-өзі ұсынса, Плотников Сергей Викторовичті төрт ауданның мәслихаты ұсынды», - деді облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Александр Рукин.

Оның айтуынша, үміткерлер қолдауға ие болу үшін қол жинаған.

«Бүгінде үш үміткер - Сергей Плотников, Виктор Кутовой және Александр Тимошенко тіркелді. Олардың барлығы тіркеу үшін қажетті құжаттарды толығымен ұсынды. Ал төртінші кандидат әзірге қол жинап жатыр», - деп түсіндірді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Сергей Плотников - қазіргі кезде ҚР Парламенті Сенатының депутаты. Ал Виктор Кутовой мен Александр Тимошенко ірі кәсіпорындардың директоры.


Қазіргі таңда кандидаттар 12 қыркүйекте басталатын үгіт-насихат науқанына дайындалу үшін тіркеуге қажетті құжаттарын жинастыруды аяқтап, бағдарламалары мен насихаттық материалдарын әзірлеуде, деп хабарлайды strategy2050.kz.