ШҚО-ның 9 жас орындаушысы республикалық «Жас қанат» байқауына жолдама алды

Іріктеу додасына 15 орындаушы қатысты. «Жас қанат» облыстық байқауының барлық қатысушылары мен жеңімпаздары облыстық мәдениет басқармасының құрмет грамоталарымен марапатталды.

Байқауда төрағалық еткен қазылар алқасының қорытындысы бойынша 2013 жылдың мамыр айында Астана қаласында өтетін республикалық «Жас Қанат» байқауына облысымыздан 9 конкурсант жолдама сертификатын алды.
1. Каменов Талант – Тарбағатай ауданы
2. Өмірбеков Айдын – Семей қаласы
3. Акцибар Илья – Зырян қаласы
4. Уадинов Эльдар – Ұлан ауданы
5. Серғазиев Берік – Аягөз ауданы
6. Русакова Татьяна – Өскемен қаласы
7. Ақтеміров Абзал – Аягөз ауданы
8. Қажығалиев Ғани – Бородулиха ауданы
9. Немцев Радион – Шемонаиха ауданы
Байқау Шығыс Қазақстан облысының ән өнерін дамыту, қазақ ұлтының, жас ұрпақтарының орындау шеберліктерін шыңдау мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Байқаудың қорытындасы бойынша қатысушылар мен жеңімпаздар облыстық мәдениет басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.