ШҚО-ның ардагерлеріне Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында 500 мың теңгеден төлейді


Бұл туралы Ұлы Отан соғысынындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге дайындық барысы қарастырылған кеңес кезінде облыс әкімі Даниал Ахметов хабарлады.

Бүгінде Шығыс Қазақстанда ҰОС-ның 594 ардагері тұрып жатыр. «Бұл құрметті ардагерлерімізге көрсетіп отырған көмектің бір бөлігі екенін ғана ұмытпауымыз маңызды. Олардың алдындағы борышымыз өтелмес, олар әрқашан ерекше қамқорлығымызда болады», - деді Даниал Ахметов.

Облыста Жеңіс күнін мерекелеу бойынша жан-жақты жұмыс жүргізілуде. Мамыр айында 600-ден астам шараларды өткізу жоспарланған. «Жеңіске дейін 70 күн» акциясының тақырыптық онкүндіктерінің аясында 1 наурыздан бастап 25 мыңға жуық адам қатысқан 396 шара өткізілді. Ескерткіштерге 38 млн. теңге сомасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жасылды. Астанада 6-10 мамыр аралығында өтетін мерекелік шараларға облыстың 17 ардагері қатысады.