ШҚО-ның далалы алқабында орман ағаштарының көшеттерін өсіретін бақ салынды

«Біздің аудан далалы аудан, орман аз, сондықтан әр кез көшет жетіспейді. Жаңа бақ елді мекендерді жасылдандыру мен орманды алқаптарды қалпына келтіруге көмектесуі тиіс», - деді әкімшіліктен.

Бұл Күршім орман мекемесінің екінші көшет бағы. Орманшылар биыл көктемде 10 га алқапқа балқарағай мен шырша екті. Күршім елді мекенінің айналасында жаңа плантацияға 1,5 га игерілді. Онда 0,02 га учаске қайың мен терек, қарағай мен шырша өсіруге арналған. Сондай-ақ жаңа бақта жабық топырақта көшет өсіру технологсын игеру жоспарлануда. Ол көшеттердің 90%-на жерсініп кетуіне көмектеседі.