ШҚО-ның таулы аймағында жолаушылар автобусы аударылды

Облыстық Ішкі істер департаменті мамандары жүргізуші қауіпті аумақта жылдамдықты асыра жүйткіген деген болжам жасап отыр, деп хабарлады 24.кз. 

 Жол-көлік оқиғасы салдарынан автобус жүргізушісі мен 3 жолаушы зардап шекті. Қазір барлығы жергілікті ауруханада жатыр. Дәрігерлер зардап шеккендердің өміріне еш қауіп жоқ екенін айтты.

- Қоғамдық көлік жүргізушісі рөлді басқара алмай, көліктің аударылуына жол берген. Аталған факті бойынша жол полициясы қызметкерлері тергеп-тексеру амалдарын бастап, жұмыстар жүргізіп жатыр, деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Азамат Раисов