Шри-Ланкадағы лай көшкінінен кейін 200 отбасы табылмай жатыр

«ВВС» агенттігінің хабарлауынша, лай көшкіні аралдың оңтүстігіндегі Сирипур, Паллебаге және Элагипитья ауылдарында болды.

«Қызыл Крест» хабарламасында айтылғандай, өткен түнде барлық аудан жарықсыз қалды. Бұл құтқарушылардың ауылдарға жетуіне кедергі келтірді.

Сәрсенбі күні таңертең басталған шара барысында құтқарушылар мен еріктілер аман қалған 180 адамды тапты. Үйінділердің астынан 13 мәйіт шығарылды.


Аралда лай көшкіні жиі болады. Жауын мол түсетін мамыр айынан желтоқсанға дейін аралдың шығысы мен оңтүстік-шығысында лай көшкіні қаупі жоғары.

2014 жылы аралдың орталық бөлігіндегі Мирийябедда плантациясында лай көшкіні жүріп, кей үйлер тоғыз метрлік балшық астында қалды.