«Штаб арасындағы мәліметті қолға түсірдік»: Украинада шын мәнінде қанша орыс әскерінің өлгені белгілі болды

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

«Ақыры, біз орыстардың әскери шығындары туралы штаб арасындағы мәліметті тағы да қолға түсірдік. Ендеше бөлісейін:

«РФ Қарулы Күштері жеке құрамының әскери шығындары - 37 592 адам.

Бұл  Украина аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан ресейлік жеке әскери компания шығыны туралы мәліметтерді қоспағандағы сан.

17 маусым, жұма күн - 9457 адам қаза болды.


Соғыс қимылдарының басынан бері Ресей гвардиясының 1788 адамы қаза болды», деп жазды Арсен Аваков.

Дегенмен Ресей Қорғаныс министрлігі өз шығындары жайлы басқа деректер келтіріп жүр.