Штанга көтеруден сайыс өткізілді

Спорттың бұл түрінен өткен сайыста да Астана қалалық Ішкі істер департаменті абыроймен шықты. Жалпы командалық есепте 1-ші орынды Астана қалалық ІІД жеңіп алса, екінші орынды ҚР ІІМ иеленді, ал үшінші орынды ҚР Ішкі әскер комитеті қоржындарына салды.

Жеке есепте 80 килә салмақтағы Олег Плахатнюк бірінші орынды жеңсе, екінші орынға Талғат Жандарбеков ие болды, ал үшінші орын - Дмитрий Шкребкоға тиесілі болды.

90 килә салмақта бас жүлдені Астана қалалық ІІД қызметкері Дидар Ижанов ұтып алды, екінші орынды «Жас Ұлан» Республикалық ұлан қызметкері Сергей Цырульников қоржынына салды, үшінші орынды ҚР Ішкі әскер комитетінен Владимир Саломин алды.

Абсолюттік үлес салмағы бойынша алтын медаль Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілі Владимир Тарасовқа тиесілі болса, екінші орынды ҚР ІІМ-нің қызметкері Сәдуақас Ештаев иеленді, ҚР ІӘК өкілі Арман Түлеков үшінші орынды жеңіп алды.

Нәтижесінде жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.