Украинадағы жағдайға орай ЕО кеңейту туралы мәселені қарай алады, деп хабарлады сейсенбіде германдық "Вельт" газеті.
"Шығыс Еуропаның қазіргі оқиғалар ықпал еткен бөлігін елеулі түрде өзгерткіміз келсе, біз ЕО қолындағы саясаттың ең пәрменді құралын пайдалануға тиіспіз, ол- кеңейту. Оның кереметтей тұрақтандырушы әрі тиімді күші бар", деді Ш.Фюле сұхбатында.
Алдында хабарланғандай, Владимир Путин 16-наурыз күні өткен референдум нәтижелері бойынша Қырымды егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде тану туралы жарлыққа қол қойған.