Шу аңғарында 200 килограмм марихуана өсірген Алматы тұрғыны ұсталды

Көліктегі оңтүстік шығыс ішкі істер департаменті есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлеріне қыркүйек айының басында Шу аңғарында бір Алматылық азаматтың ірі көлемде марихуана дайындап жатқанынан хабардар болды. Ақпаратты тексерген тәртіп сақшылары күдіктіні тәулік бойы бақылауға алады.

Кейінірек олар желілік ішкі істер басқармасы есірткі саудасымен күрес бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп есірткі саудагерін Шу темір жол бекетінде қылмыс үстінде қолға түсірді.
Тұтқын қылмысын мойындап, тергеуге жауап беруде.