Шу облысының ауруханаларына Тоқмақ қаласының маңында болған жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен 32 адам келіп түсті

Қазіргі уақытта Тоқмақ қалалық ауруханасында жүрген Қырғызстанның денсаулық сақтау министрінің орынбасары Мадамин Қаратаевтың айтуынша, Шолпан ата - Бішкек тас жолында болған жол-көлік апаты салдарынан екі ер адам мен алты әйел адам қайтыс болған.

Аталмыш 32 адамның 25-і Тоқмақ қалалық ауруханасына (5 адам амбулаториялық көмек алса, төртеуі жан сақтау бөліміне жатқызылып, тоғызы хирургия бөліміне және қалған жетеуі жарақаттану бөліміне орналастырылған), ал жеті адам Шу аумақтық ауруханасына жатқызылған.