Шу теміржол стансасында механик маневр тепловозы дөңгелегінің астына жаншылып мерт болды

26 наурызда Шу теміржол стансасында №364 маневр тепловозының машинисі механикті басып кетті», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Оның салдарынан механик оқиға орнында жан тапсырды. Полиция органдары бұл факті бойынша тергеу жүргізуде.

Пойыздар қозғалысы тоқтатылған жоқ, деп нақтылады Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі.