«Шуақты жандар» жетімдерге қол ұшын созуға шақырады

«Шуақты жандар» екі аптадан беру көмекке зәру жетімдерге киім-кешек пен азық-түлік жинауда. Керек-жарақтың алды Жамбыл ауданындағы «Қараққастак» балалар үйіне жөнелтілген де екен. Волонтерлар мұнда тәрбиеленіп жатқан үш жасқа дейінгі сәбилерге жаялықтар, ойыншықтар мен киім-кешектер апарып беріп, қуанышқа бөлеген. Күн суытқалы жеткіншектерге жылы киімдер, жамылғылар мен бөлме жылытқыштар ауадай қажет. Жалпы бұған дейін балаларға қажетті заттарды қабылдайтын орын 5 жерде ашылған болатын. Енді тағы екеуі «РТС-МИНИСТОП» дүкендер желісінде де іске қосылып отыр. Айта кетсек, аз қамтылған балаларға жәрдемдесу қарашаның 15-не дейін жалғаспақ.


Баян Қоспенбетова, «РТС-МИНИСТОП» басқармасы бастығы:

- Бұған дейінгі сауда нүктелеріміз жұмыс күндері ғана істеген. Яғни, қызметінен шыға алмайтын азаматтарға қолайсыз болды. Енді тұрғындар кез келген уақытта, тіпті демалыс күндері де балаларға заттар әкеле алады.