Шучье қаласында жылу мекемесі жұмысшыларға 5 айдан бері көк тиын бермеген

Щучьеге өткен жылғы төтенше жағдай биыл да төтеден келетін сияқты. Өйткені жылу пештері жайрап шашылып, шатырдан су сорғалап тұрған қазандық ғимаратының сыйқы мынау. Әбден ескірген нысанның  төбесі опырылып құлап түскен күйі тұр.Жаздай жөндеу жасауға электр жарығының жоқтығы қолбайлау болған. Кәсіпорынды электр қуатынан қарыз үшін ажыратып тастапты. Ал дизельді қондырғымен әупірімдеп жөндеу жасап, бейнет көріп келген жұмысшылар 5 айдан бері бір тиын көрмеген.

Яков Логочев, «Термо-транзит» МКК жұмысшысы:

- Біз өмір сүріп жатырмыз ба, білмеймін. Әйтеуір жүрміз. Үйге баратын бет жоқ, әйеліммен ажырасуға жақын қалдым. Прокуратура да біледі.Уәде береді, енді қайда барамыз. Бізге кім жұмыс береді?Жалақы енді бермесе, тіпті құрыдық.

«Термо Транзит» мекемесінің жұмысшылар алдындағы қарызы 20 млн теңге! 5 айдан бері зейнетақы қорына да бір тиын аударылмаған. Ашынған жұмысшылар кәсіпорын директоры Александр Лахтиковты бүгін тағы ортаға алды. 


- Кто больше всех жалуется мы им по 110 тысяч начисляем.

- А, где оплачиваете? Уже 5-ый месяц. Где вы оплачиваете? Че Вы говорите, мы в холоде сидим. Здесь вообще условии нет.В мае месяце когда свет отключили в машине мерзнули. Почему обманываете?

Қаланы жылумен қамтуға жауапты мекеменің осындай халге жетуіне тұтынушылардың қарызы себеп екен. Мекеме жұрттан 50 млн. теңге өндіре алмай отыр. Соған қарамастан, кәсіпорын директоры жұмысшыларға қыркүйектің 1-не дейін жалақыны толық төлейміз деп уәде берді. Ал қазандық бүгіннен бастап-ақ жылу беруге әзір,- деп бет бақтырар емес.