Жамбыл облысы ТЖД мәліметінше, 16 маусымда Шуда 200 шаршы метр аумақта қоқыс өртеніп кеткен. Қазір өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің мәліметінше, бұл өрттерден жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Айта кетейік, 15 маусымда Шу ауданында Балуан Шолақ ауылының маңында 8 гектар аумақта құрғақ шөп өртенген. Өртті сөндіруге ТЖД күштерінің 5 қызметкері мен 1 техникасы және өрт сөндіру бригадасының еріктілерінің 11 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды. Нәтижесінде дала өрті сөндірілді.