Шуда газ баллоны жарылып соңы алапат өртке ұласты


Оқыс оқиға Шу қаласында болған. Тілсіз жау таң алдында бесінші қабаттағы пәтердің бірінен тұтаныпты. Газ баллонының жарылуынан күш алған жалын, шатырды да шарпыған. Төтенше жағдайлар қызметі 4 сағат бойы өртпен алысты. Жалпы аумағы мың шаршы метр жанып кеткен. Қауіпсіз жерге көшірілген 400 адамның біреуі де жапа шеккен жоқ. Әзірге өрттің шығу себебі белгісіз. Материалдық шығын көлемі анықталуда. Көп қабатты үйге былтыр ғана күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліпті.