Хабарламада боран соғып, желдің жылдамдығы 17-22 м/с, ал Жарма ауданында 25-28 м/с дейін жетеді делінген.
Сондай-ақ, облыстың төтенше жағдайлар қызметі қар көшкіні жүріп, бұрқасындатуына орай ШҚО тұрғындарына елді мекеннен ұзап шықпауды ұсынады.
Атап айтқанда, тұрғындарға облыстың таулы аймақтарына шықпауды ұсынады, себебі аталған жерлерде қар көшкіні орын алуы ықтимал. Жыл басынан бастап қар массасы 5 тоннадан асатын 7 қар көшкіні орын алды.
Осы орайда «Қазселденқорғау» мамандары тау маңына жарты мыңдай қар тежейтін қалқандар орнатты, қазір бұл жұмыс жалғасын табуда.