ШҰҒЫЛ: Алматы-Шымкент тас жолында көлік апатынан 8 адам қаза тапты

Алматы республикалық күре жолында болған көлік апаты салдарынан 8 адам қаза тапты.  Олардың арасында бір бала бар.

Қаза тапқандардың барлығы - «Мерседес Спринтер» бағдарлы көлігінің жолаушылары. Ол HOWO жүк көлігімен соқтығысқан.

ОҚО ІІД-нің тергеушілері оқиға себептерін анықтау үстінде.