ШҰҒЫЛ: Алматы-Ташкент тас жолында КамАЗ аударылды - жүргізуші қаза тауып, цистернадан мұнай төгілуде

Қайғылы оқиға туралы белгісіз біреу 112 телефоны бойынша хабарлаған, ол Мерке ауданында Алматы-Ташкент автожолының 346 шақырымында КамАЗ автоцистернасының аударылғанын айтқан. Көлік аударылғандықтан, цистернадан мұнай (дизель отыны) төгілуде. КамАЗ автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, оның жеке мәліметтері анықталуда.


«Апат орнына Жамбыл облысының ТЖД-дан Мерке ауданының ТЖ мамандары, ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері келді. Қазіргі уақытта жанармайдың төгілген көлемі анықталуда», - деді облыстың ТЖД баспасөз қызметінен.