ШҰҒЫЛ: Астанада мемлекетаралық іздеуде болған А. Әбілтаев ұсталды

жедел-іздеу шаралар кешенін өткізу барысында аса ауыр қылмыс жасағаны үшін күдікті танылып, мемлекетаралық іздеуде болған 1980 жылғы Әбілтаев Арман ұсталды.

Астана қаласы полициясының ақпаратынша, қылмыстық қудалаудан ізін жасырған Әбілтаев А.Ш. сыртқы келбетін айтарлықтай өзгерткен.

Ұсталған азамат Астана қалалық ІІД-нің уақытша ұстау абақтысына қамалды.


Сот алдындағы тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.