ШҰҒЫЛ: Павлодар облысында ер адам өзін-өзі жарып жіберді

«Ер кісі үйінің есігін ішінен жауып алған. Бөлмеде оның туысы мен 10 жасар қызы болған. Оқиға орнына дереу Майқайыңның №24 өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері жеткен. Бөлімше командирі Омаров арнайы сатымен үйге терезе арқылы кіріп, алдымен он жасар қызды алып шығып үлгерген. Сол кезде үйде жарылыс болды», - деп жазады департаменттің баспасөз қызметі тілшіміздің ресми сауалына жауап ретінде. 


Департамент қызметкерлерінің хабарлауынша, оқиғадан үйде болған пәтер иесі мен оның туысы зардап шеккен. Оқиға болған кезде қыздың анасы далада болған. Қазіргі уақытта үш пәтерге зақым келгені анықталды. Жарақат алғандар Екібастұз қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, өзін-өзі жарып жіберген ер кісі көз жұмған.