ШҰҒЫЛ: Қарғын су 40 үйді шайып кетті - Қызылорда облысы


Оқыс оқиғаға байланысты арнайы штаб құрылып, қалпына келтіру жұмыстарына ТЖ кезінде әрекет ететін барлық құрылымдар тартылды. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі Жаңақорған аудандық комиссиясының 3 тобы құрылып, су алу салдарынан келген зардаптың шығынын анықтау мен есепке алу жұмыстарын қолға алды. Көшелерге құм төселді. Тұрғын үй аулаларын судан тазарту жұмыстары жүргізіліп, тұрғындар толығымен қауіпсіз жерлерге көшірілді. Қазіргі уақытта қарғын су Самара-Шымкент күре жолы бойындағы Самара-Шымкент-Жаңақорған көпірінің астынан бөгеліп, басқа қауіпсіз бағытқа қарай жіберілуде.