деп Францияда өткен баспасөз мәслихатында дәрігерлер мәлімдеді.
«Оның жағдайы нашар, комада жатыр», - деп профессор Жан Франсуа Пайан мәлімдеді.
Гренобль ауруханасының дәрігерлері М.Шумахер жарақатынан айығатыны туралы әзірге нақты ештеңе айта алмауда.
Дәрігер Стефан Шабард оның жедел ауруханаға жеткізіліп, ота жасалуы өмірін сақтап қалғанын айтады. М.Шумахердің басындағы шлемі де өмірін сақтап қалды дейді.
Баспасөз мәслихатына қатысушылар спортшыға тек бір рет ота жасалғанын, әзірге екінші ота жасау қажеттігі жоқтығын айтады. Бұған дейін кейбір ақпарат құралдары дүйсенбіге қараған түні Шумахерге екінші рет ота жасау қажет болғанын мәлімдеген болатын.