Швецияда бетін тұмшалаған қаскөй оқушыларды қылышпен өлтірді

Қайғылы оқиға Тролльхеттен қаласындағы білім ордасында болды. Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккендердің төртеуі мектеп оқушылары. Тағы біреуі ересек адам. Жергілікті мектептің аумағына баса көктеп кірген қаскөйді полицейлер қызметтік тапаншаның көмегімен әрең тоқтатты. Қазір оның жағдайы белгісіз. Қарулы шабуылдан білім ордасының оқушылары мен ұстаздары есеңгіреп қалған. Швеция полициясы қаскөйді мұндай қадамға не итермелегенін анықтап жатыр.

Loading...