Естеріңізде болса, өткен аптада жалақыларын көтеріп, еңбек шарттарын жақсартуды талап еткен швед ұшқыштарының кәсіподағы 5 күндік ереуіл ұйымдастырған еді. Соның салдарынан мыңға жуық әуе сапары кейінге шегеріліп, 100 мыңнан астам жолаушы діттеген жеріне уақтылы жете алмай қалған. Наразылық шарасынан келтірілген шығынның нақты көлемі әзірге белгісіз. Алдын ала мәлімет бойынша, ол 15 млн долларға дейін жетуі мүмкін.