Швецияда Нобель апталығы басталады


Нобель апталығының алғашқы үш күні жаратылыстану ғылымдарына арналмақ. Ал медицина және физиология саласындағы лауреаттар бүгін белгілі болады.  Бірқатар ДНК зерттеулерін жүргізген Иерусалимдегі Еврей университетінің ғалымдары осы мәртебелі сыйлыққа ие болады деп күтілуде.

8 қазанда сейсенбі күні физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары аталады. Үміткерлер арасында шотландиялық физик Питер Хиггс бар. Химия саласындағы лауреаттар арасында Ресейден шыққан Валерий Фокин  болуы мүмкін деген болжам бар.