Бұл туралы Tengrinews.kz The Local басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылымның мәліметінше, билік өкілдері қазіргі уақытта 4 492 баланың қай жақта екенін білмейді. Бұл балалардың ішінде елге өздері келген балалар және ата-аналарымен келген балалар бар. Швецияның көші-қон агенттігінің мәліметінге, 2018 жылдың қаңтар, ақпан айының өзінде 223 бала жоғалып кеткен.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта Швецияда осы мәселе бойынша ешқандай заңның жоқ екені айтылады.
The Local мәліметінше, 2017 жылдың соңында жергілікті омбудсмен осы мәселеге қатысты бірнеше ұсыныс жасап, баяндама жасаған болатын. Алайда айтылған ұсыныстардың біреуі де қарастырылып, жүзеге асырылмапты.
Оқи отырыңыз:
"Ақыл айтатын еркектер шайтанның ізінен еріп жүр": тойда бидің қызуымен еденге аунаған ер кісі