Швецияның фармацевтикалық компаниялары Қазақстанмен ұзақ мерзімді келісім жасаспақ


Алексей Цой, бұл кездесу швециялық фармацевтикалық компаниялармен қазақстандықтарға медициналық қызмет көрсетудің сапасын жақсарту мәселелері бойынша ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді деп атады

Швециялық фармацевтикалық компанияларының басшылары Вице-министрді өз қызметтері жайлы хабардар етті. Сондай-ақ, телемедицинаны, онкологияны дамыту мәселелері, операциялық бөлмелер үшін жоғары технологиялық құрал-жабдықтарды жеткізу, пациенттерге диализдік қызмет көрсету, дәрі-дәрмекпен, мүгедектерді техникалық құралдармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұзақ мерзімді мемлекеттік келісімдер жасасу жөнінде ұсыныстар айтты.