Швейцария кеденшілері қытайлықтардан 260 келі піл сүйегін тәркіледі

CNN хабарлағандай, қытайлықтар танзаниялық Дар-эс-Салам қаласынан Бейжіңге бет алған.

Тасымалдау үшін пілдің азулары бөліктерге кесіліп, 8 шабаданға салынған. Сонымен қатар кеденшілер бір келі арыстанның азулары мен сүйегін тапты.

Қара базарда тәркіленген заттың құны шамамен 410 мың долларды құрайды, деп атап өтті кеден офицерлері.