Швейцария Қазақстанмен арадағы сауда-саттықты ұлғайтуды қолдайды

"Екі ел арасындағы тауар айналымының даму қарқыны аса жоғары, алайда, пайдаланылуы қажет әлеует бізде бар", - деді М. Рюль-Бюрци.

Өз кезегінде комиссияның тең төрайымы- ҚР әділет министрі Зағипа Балиеваның айтуынша, "Швейцария Қазақстанның басты сауда әріптестерінің бірі және 2007 жылдың қорытындысы бойынша республиканың сыртқы сауда айналымында төртінші орынды иемденген".

Қазақстанның кеден органдарының мәліметінше, бүгінде республикалық барлық елдерден тауар айналымының жалпы көлемінің 9,6%-ы Швейцарияның үлесінде", -деді министр. Оның мәліметінше, Қазақстан мен Швейцария арасындағы сыртқы тауар айналымы $7 млрд. 723,9 млн құрады.

З. Балиеваның айтуынша, Қазақстаннан Швейцарияға негізінен бағалы және жартылай бағалы тастар, бағалы металдар, минералдық өнімдер мен асыл емес металдар мен одан жасалған бұйымдар экспортталады. Швейцариядан Қазақстанға химиялық өнеркәсіп өнімдері, жер үсті, әуе және су транспорты құралдары, оптикалық аспаптар мен аппараттар әкелінеді.