Швейцарияда күннен қуат алатын жаңа ұшақ іске қосылады

Solar Impulse 2 ұшу аппараты аэропланның үлкейтілген нұсқасы. Ол өткен жылы Құрама Штаттардың бір жағалауынан екіншісіне дейін ұшып өткен. Сондай-ақ күн энергиясынан қуат алатын бұл ұшақты адам 26 сағат басқарған. Бұл - рекордтық көрсеткіш. 

Solar Impulse 2 аппаратын Бертран Пиккар мен Андре Боршберг басқарады.


Жаңа ұшу аппараты көмір пластиктерінен жасалған. Оның қанаттары   "Боинг-747" ұшағынан гөрі кеңірек. Алайда Solar Impulse 2-нің салмағы 2,3 тоннаны ғана құрайды.