Швейцарияда қабырғасы, төбесі жоқ қонақ үй ашылды

Швейцарияның Тоггенбург округінде қабырғасы, төбесі жоқ қонақ үй ашылды, деп хабарлайды РИА Новости Design Boom басылымына сілтеме жасап.

Жаңа қонақ үйде небәрі үш бөлме бар, яғни ашық аспан астында өте әдемі әрі бағалы кереуеттер қойылған. Келушілер шам, бір шыныаяқ кофе, таңғы ас және алкогольсіз сусындармен қамтамасыз етіледі.

Сонымен бірге арнайы қызметші таңғы ас әкеліп, ауа райы қолайсыз болса, басқа жерге орналасуға көмектеседі. Бұл қонақ үйдің бір бөлмесі 102 мың теңге (295 доллар) тұрады.


Бір қызығы, қонақ үй ашылған бойда кең танымалдыққа ие болып, сұраныс көп түсіп жатыр.