Астанада делегация өкілдері ҚР индустрия және сауда, қаржы, экономика және бюджетті жоспарлау министрліктерінің, сондай-ақ, Қазақстан даму банкі мен Елорда әкімшілігінің басшығымен кездесті.
Ал Алматыда өкілдер мемлекеттік даму институттары, ірі жеке меншік банктер мен компаниялардың қатысуымен өткен бизнес-форумға қатысты.
Кездесулер барысында инвестиция салу, Қазақстандағы бизнес жүргізу және салық салу жәйттері, кедендік процедуралар, банк ісі, сыртқы экономикалық іс-қызмет, экспорт пен жобаларды қаржыландыруға мемлекет тарапынан қолдау көрсету жағдайлары талқыланды.
Швейцариялық кәсіпкерлер азық-түлік және машина жасау кешеніне қарасты қазақстандық кәсіпорындарды аралады.
Бұл - Швейцариялық кәсіпкерлердің Қазастанға жасаған алғашқы ауқымды сапары.