Сондай шаралардың бірінде жас сарбаздар қыздардың биіне шыдай алмай, өздері де билеп кеткен. Оқырмандар жастардың бұл қылығын ерсі қабылдаған, деп хабарлайды Caravan.kz.
Елдің қызу талқысына түскен видео желідегі парақшалардың бірінде пайда болды. Жазба авторы: «Жас сарбаздар шыдай алмады» деген қысқа ғана атау қалдырған.
Оқырмандар жастардың бұл қылықтарын жақтырмаған. Олар:
«Ырбаңдатып қыздарды қырғын еркектің арасына салып билетіп қойғаны несі?», «Миллиардтар төлесе де еркектің алдында билемес едім», «Патриоттық би билесе бір сәрі, мынау не би?», «Мынау қандай би? Қандай мереке? Бізде осы сиқы қашпаған мереке қалды ма?» деп жазды олар.