“Шыдамдылық танытыңыздар”: Ел наразылығына тап болған Дина Төлепберген өзіне қойылған сұрақтарға жауап берді

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

"Астарлы ақиқат" бағдарламасының "Қайын атадан, қойын атаға" атты шығарылымы қызу пікірталас туғызды.

Бағдарлама жүргізушісі Дина Төлепберген инстаграм әлеуметтік желісіндегі stories бөлімінде оқырмандарына видео салып, сұрақтарына жауап берді.

Барлықтарыңызға қайырлы таң.

"Астарлы ақиқат" өз жұмысын жалғастырып жатыр. Қазір бірер минуттардан кейін түсірілім басталады. Бүгін біз түркістандық Әсияның оқиғасының жалғасын яғни ДНК сараптамасының нәтижесін білетін боламыз. Бүгін тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні қойылады.


Бұл бағдарламаны сіздер таяу күндерде көре аласыздар. Сондықтан да шыдамдылық танытуларыңызды сұраймын.

Амандықта, саулықта жүздесейік қашанда.” - деп өз сөзін аяқтады. Түркістандық қайын ата мен келін жаға ұстатты.

Естеріңізге сала кетсек, түркістандық 25 жастағы келін 54 жастағы туған қайын атасымен 8 жылдан бері төсектес болып келген.