Шығыс Еуропа елдері үшін ұшу қауісіздігіне қойылатын бақылауды күшейту қажет - Халықаралық азаматтық авиация ұйымының аймақтық директоры

К.Тайлдың пайымдауынша, әр елдің аэронавигациялық ұйымы ұшулардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен оны бақылаудың өзіндік жүйесін құруы қажет. "Бұл ретте аэронавигацияға қатысты ұсақ-түйек мәселерді жан-жақты ескерген абзал. Соның ішінде азаматтық авиациялық әкімшілік пен авиациялық заңнамалар бар",- деді К.Тайл.
Семинар-практикум 5 күнге созылады. Оған 15 мемлекеттің аэронавигациялық кәсіпорындардың делегациялары: Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Латвия, Литва, Молдова, Өзбекстан, Украина, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түркменстан, Эстония және Мемлекетаралық авиациялық комитет (МАК), Аэронавигациялық қызмет көрсету провайдерлерінің халықаралық ұйымы (CANSO), Аэронавигация қауіпсіздігі жөніндегі еуропалық ұйым (Еуробақылау) сияқты халықаралық азаматтық авиация ұйымдары қатысады.
Семинар аясында 8-қыркүйекте Астанада әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесінің ресми ашылу рәсімі өтеді. "Ол әуе қозғалысының өткізу қабілетін және қызмет көрсету сапасын елеулі арттыруға мүмкіндік береді",- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне ҚР азаматтық авиация комитетінің өкілдері.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті