ТЖМ мәліметінше, 5 маусымда сағат 10.00-да Қойлық ауылында (Алматы облысы) Мекетово көлінде жүзіп жүрген бір әйел суға батып кетті. Оның мәйітін жергілікті тұрғындар судан шығарып алған.
Сондай-ақ, 4 маусымда сағат 15.00-де Маяк (ШҚО) ауылындағы қазаншұңқырға бір ер адам батып кетті. Мәйітті жергіілкті тұрғындар судан шығарып алды.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, Атырау облысының Балықшы ауылында 15-16 жас шамасындағы жасөспірім суға батып кетті, оның аты-жөні анықталған жоқ. Судан құтқару қызметі оның мәйітін іздестіруде.