Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, 8 айдың қорытындысына қарағанда, өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 1761,1 млрд. теңгені құрап отыр. Бұл 2012 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда өсім 107,3 пайызды құрайды. Ал ауыл шаруашылығы бойынша жалпы өнім көлемі 112, 7 млрд. теңгені немесе 118,6 пайыз болып отыр. Облыста ауыл шаруашылығы өнімдерінің республикадағы көлемінің 14 пайызы өндіріледі. Шығыс Қазақстан республикада сүт өндіруден - 1, ет өндіруден 2-орын алады. Сондай-ақ, экономикаға инвестиция тарту 20,7 пайызыға өсіп, 161,3 млрд. теңгені құрады. Құрылыс қарқыны да 20,4 пайызға артып, 105 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді.