Шығыс Қазақстан мен Жамбыл облысында өрттердің салдарынан 2 адам қаза тапты

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының Бекқайыр ауылында жай үйде шыққан 120 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірген кезде 64 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Өрт ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 8 адамы мен 3 техникасының күшімен сөндірілді.

Сонымен бірге, 14 қаңтарда Тараздағы етік жасау шеберханасының дүңгіршегінде 12 шаршы метр аумақта шыққан өртті сөндірген кезде бір еркектің мәйіті табылды. Өрт ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 4 адамы мен 1 техникасының күшімен сөндірілді.