Кедендік төлемдер мен алым мөлшерінің өсімі 2003-жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 21 процентті құрады. Төлемдер арасынан қосымша құн салығының үлес салмағы өте жоғары, 85 процентті құрады.
Сондай-ақ, кедендік бақылау департаменті 8,5 млн. теңгенің айыпұлын өндіріп алып, контрабанда деректері бойынша 46 қылмыстық іс, әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты 1,5 мың іс қозғап, 90 кило есірткі, соның ішінде 9,6 кило героин тәркіледі.