Шығыс Қазақстан облыстық кеденшілер Қытайдан 25 тонна ет әкелуге жасалған әрекетке тосқауыл қойды

"Тексеру кезінде жүк көлігінен суық соғып тұрғаны кеденшілердің күдігін тудырған. Алма тасымалдауда суық сақтаудың қажеттігі жоқ екені белгілі. Нәтижесінде алма салынған қораптардың артынан контрабандалық жолмен әкеле жатқан 20 тоннадан астам ет табылды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Еттің үстінен солярка құйып өртелді. Қазір қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылуда".

Облыстық кедендік бақылау департаментінің мәліметіне сәйкес, жыл басынан бері "Майқапшағай" кеден бекетінде осындпй төрт дерек әшкереленді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті