Шығыс Қазақстан облыстық шекарашылар Ресей азаматынан 38 килограмм апиын тәркіледі



Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, 5-тамызда Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының "Шемонаиха" өткізу бекетінде Ресейге бет алған көліктерді тексеру барысында "Ауди" автокөлігінің жанармай құятын құтысынан 38 килограмм апиын жасырылған құпия қойма табылды.

Іс Шемонаиха аудандық ҰҚК-нің қызметкерлеріне өткерілді.