Шығыс Қазақстан облыстық тәртіп сақшыларына "МИ-2" маркалы екі тікұшақ бөлінді

"Мұндай тікұшақтар Астаны мен Алматы қалаларының ІІД қызметкерлерінің иелігінде ғана бар", -деді облыс әкімінің орынбасары Иван Белихин техниканы табыс ету рәсімінде.

Жеті орынға есептелген тікұшақтар заманауи техникамен жабдықталған. Радиостанциялары бар. Оларға ІІД, орман шаруашылығы, өрт сөндіру қызметі мен төтенше жағдайлар департаментінің жиіліктері орнатылған.

Әкімшіліктің хабарлауынша, сондай-ақ, ""МИ-2" тікұшағының 1 сағат ұшуы облыстық бюджеттен 80 мың теңге бөлуді талап етеді. Ал облыс бойынша рейдтер күн сайын жүргізілмекші. Тікұшақтар орманды заңсыз кесу және браконьерлікпен шұғылданатын адамдарды анықтауда пайдаланылады".