Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында кадрлық өзгерістер жасалды

Атап айтар болсақ, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Әділғазы Бергеновтің бұйрығымен Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылық басқармасының бастығы болып Сәбит Төлеубаев тағайындалды. Ол бұған дейін облыстың ауыл шаруашылық департаментінің директорының орынбасары болып қызмет атқарған.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданының әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген Ермек Сәлімов Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы болып тағайындалды.